«Көркем әдебиеттегі Алтын Орда тарихы» оқырман конференциясы

7 қазанда «Көркем әдебиеттегі Алтын Орда тарихы» атты онлайн-оқырман конференциясы өтті. Шарада жазушы І.Есенберлиннің тарихи тақырыптарға арналған шығармаларының бірі - «Алтын Орда» кітабы талқыланды.

Конференцияға Торайғыров университетінің профессорлары, филология ғылымдарының кандидаттары Елікбай Серік Төлебайұлы, Муталиева Раушан Мамырқызы, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Найзатас» журналының жауапты хатшысы, «Алты аңғар» кітабының авторы Оралхан Айбек Тілеубекұлы және Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ ұстаздары мен оқушылары, студенттер, оқырмандар қатысты.

Конференцияға қатысушылар жазушы І.Есенберлиннің шығармасындағы тарихи оқиғалар, Алтын Орда хандары, туындының қазақ халқының тарихи санасын оятуға ықпал етуі жайлы ойларын ортаға салып, пікір білдірді.

Іс – шара Zoom платформасында ұйымдастырылып, облыстық кітапхананың Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.