Көркемдіктің құпиялары туралы

4 наурызда Креативті шығармашылық орталығы әйелдер мерекесі қарсаңында тәжірибелі бет әрлеуші Кристина Проскурнованың шеберлік сабағын ұйымдастырды. Іс-шара барысында шебер күнделікті макияжды жасау кезеңдері туралы айтып, қонақтар арасынан таңдалған модельдің бетіне макияж жасады. Ол бет артықшылықтары мен кемшіліктерін жасыратын табиғи макияждың нюанстарыымен бөлісті. Процесс барысында ол теріні күту, макияжды кетіру және әртүрлі косметиканы қолдану бойынша пайдалы кеңестер берді, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кітапхана қорынан макияж өнері туралы кітаптар, жылы достық атмосфера және шебердің кәсіби кеңестері біздің оқырмандарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлады.