«Фиалка» клубы гүлдерінің сату-көрмесі

22 қазанда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Фиалочка» клубы гүлдердің сату-көрмесін өткізді.

Гүлдердің алуан түрлері ұсынылды - шегіргүл, бегония, Жаңа Гвинея бальзаминдері, хризантемалар және басқа да бөлме өсімдіктері мен гүлдер.

Кәсіби гүл мамандары тәжірибе алмасып, сәндік гүлдерді өсірудегі жетістіктер туралы айтты.

Көрмеге келушілер экзотикалық өсімдіктердің эстетикасы мен сұлулығын тамашалады. Сондай-ақ, көрме гүл өсіруді насихаттауға және өсімдіктердің жаңа сорттарын көпшілікке таныстыруға арналған.
Іс-шараға кіру тегін болды.