«Қош келдің, әз Наурыз!» фольклорлық мерекесі

26 наурыз күні балалар әдебиеті бөлімінде Балаларға арналған кітаптардың апталығы жалғасуда. «Қош келдің, әз Наурыз!» Фольклорлық мерекесіне Павлодар қаласының Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері және №39,22,25 мектептердің оқушылары қатысты. Қатысушылар наурыз көже, бауырсақ, құрт, қоспа - ұлттық тағамдары ұсынылған мерекелік дастарханға жиналып, Наурыз – табиғаттың жаңару мерекесі туралы қызықты ақпарат алды. «Замандастар» клубының мүшелері Н.Идрисова, Б.Сабитова және Ш. Иманова балаларға «Тұсаукесер» салтын таныстырды, сонымен қатар «Саржайлау», «Наурыз Думан» халық әндерін орындады. Қыдыр-Ата және Қыз Наурыздың қатысуымен театрландырылған көріністі Б.Ахметов атындағы ППК студенттері қойды. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Juldyzdar» би студиясы би билеп, ал «Дебют» вокалдық студиясы көктем және табиғат туралы әндер шырқады. Кітапхана оқырмандары балалар жазушыларының өлеңдерін оқыды.