Кітапханада Мысықтар күні

23 сәуір-Халықаралық кітап және авторлық құқық күні. С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында осы мерекеге орай тақырыптық Мысық күні өтті.

ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері Жанатова Дария мен Шуткина Маргарита авторлары болып табылатын жаңа жобаны тестілеу күннің басты оқиғасы болды. Болашақта қыздар біздің қалада мысық әуесқойлары қарым - қатынас жасай алатын кафе ашуды жоспарлап отыр.

Бүгін кітапханаға келген барлық оқырмандары мысықтармен ойнап қана қоймай, мысықтар туралы кітаптармен танысты, «Етіктегі мысық» ертегісінің кейіпкерлерін салды, дойбы және шахмат ойындарының, үстел футболының шағын жарыстарына қатысты.