«Қозғалыс ережелерін қатаң ұстану» кездесуі

3 наурызда облыстық кітапханада Павлодар қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны - полиция капитаны, рота командирі Китаев Қуандық Оразалыұлы, взвод командирі Кусембеков Фаруз және взвод командирі Отарбаев Алмаз Нұржанұлының қатысуымен кездес өтті.

Батальон құрамының тарапынан жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне баса назар аударылды. Жолдың жүру бөлігінен өткен кезде құлаққаппен музыка тыңдап, ұялы телефонды пайдалануға жол бермеу керектігін еске салды. Оқушыларға жол апатын қалай тудырмау керектігін және ұқыпсыз жүргізушінің құрбаны болмау керектігін түсіндірді. Оқушылар ойын түрінде жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ақпарат алды.

Іс-шараға техникалық сервис колледжінің студенттері қатысты.