«Тұғыры биік тұлға» атты дөңгелек үстел

24 ақпан күні облыстық кітапханада Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Тұғыры биік тұлға» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шарада белгілі журналист, аудармашы Серік Қинаятұлы Сатыбалдин және «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Совет Әмірханұлы Әмірханов сөз сөйледі. Олар ПМПУ студенттерімен Қазақстанды Д.Қонаев басқарған уақыт туралы естеліктерімен бөлісті.