«Дала кемеңгері – Мәшһүр Жүсіп» атты дөңгелек үстел

16 мамырда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада қазақтың біртуар тұлғаларының бірі, ғұлама, әулие Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойына арналған «Дала кемеңгері – Мәшһүр Жүсіп» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Іс-шараға Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіттің бас имамы Бертімұратов Ж. К., ф.ғ. к., Әлкей Марғұлан атындағы ПМПУ профессоры Әміренов А. Д., абайтанушы Асенов Д. С., Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, журналист Амантай Тойшыбайұлы және т.б. қатысты.

Қонақтардың назарына «Халықтың маржан сөзін қадірлеген» атты кітап көрмесі ұсынылды.