«Конституция – келешек кепілі» дөңгелек үстел

27 тамыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция - келешек кепілі» атты дөңгелек үстел  өтті.

Дөңгелек үстел отырысына Торайғыров университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Серік Бәстемиев, «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркеғали Жанғазы,Павлодар қаласының  №15 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Дәулетбек Мұқашев қатысты. Олар Конституциялық құрылыстың қалыптасуына тоқталып, Ата Заңымыздың әрқайсымыз үшін маңыздылығы, Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы айтты және жастарды белсенді азаматтық ұстанымға шақырды.

Кездесуге ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің  курсанттары мен жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері және төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысты.

Іс-шараға «Зайырлы елдің заңы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.