«Рәміздеріміз - ұлттық мақтаныш» атты дөңгелек үстел

2 маусым күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Рәміздеріміз - ұлттық мақтаныш» атты дөңгелек үстел өтті.

Мерекелік іс-шара Қазақстан Мемлекеттік Әнұранының шырқалуынан басталды. Мерекеге Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бас маманы Сәрсембинова М. А., Павлодар Педагогикалық Университетінің доценті тарих ғылымдарының кандидаты Канафин Қ. Қ., Павлодар облыстық көркемсурет музейінің экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің басшысы Арынова Э.Б. қатысты.

Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаменті қызметкерлері, Павлодар облысы «Жас Отан» партиясы мүшелері, №8 мектеп-лицейі оқушылары назарларына «Жаңа Қазақстанның рәміздері» атты бейнеролик ұсынылып, «Елдіктің ерен рухы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.