«Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» дөңгелек үстелі

26 сәуір күні облыстық кітапханада Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» атты дөңгелек үстел өтті. Дешті қыпшақ даласынан шыққан даңқты тұлғаның өмір жолын жастарға дәріптеу. Көрнекті билеуші, мемлекет қайраткері, қолбасшы туралы жан-жақты түсінік беру мақсатында спикерлер қатысты.

Олар: Әлкей Марғұлан атындағы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент - Қанат Қинаятұлы Канафин, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Айгүл Маратқызы Садыкова.

Іс-шараға қатысқан оқырмандар, Павлодар жоғарғы экономикалық колледжінің студенттері, №24 мектептің және Ә.Бөкейханов атындағы лицей оқушылары Сұлтан Бейбарыс туралы көп мағлұмат алды, ұлы бабамыздың өмір жолына байланысты пікір алмасты. Атаулы шараның құрметті қонағы Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, жерлес жазушы Ғалымбек Сағымбайұлы Жұматов өз ойын білдіріп, алғыс айтты.