Қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні

30 мамыр күні облыстық кітапханада азалы күн - қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар өтті. «Зұлмат жылдар елесі» атты кітап көрмесі ашылды. Онда біздің тарихымыздың қайғылы беттері – саяси қуғын-сүргін және аштық туралы баяндайтын басылымдар ұсынылған. Көрменің ерекше бөлімі Алаш қайраткерлерінің шығармаларына арналған.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Бодандыққа қарсы туған қазақ поэзиясы: ХІХ ғасырдың ІІ жартысы ХХ ғасырдың басы» тақырыбындағы дәрісті филология ғылымдарының кандидаты, ПМПУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Әміренов Әділбек Дәуітбекұлы оқыды.
Іс-шараға ҚР ІІД оқу орталығының тыңдармандары қатысты.