Құрметті Павлодарлықтар!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Еліміздің еңсесін көтеріп, мемлекетіміздің іргетасын қалаған Елбасының ерлікке толы ерен еңбегі әрбір қазақстандықтың жүрегінде. Дамудың даңғыл жолына түскен егемен еліміз гүлдене берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырынан таймай, азаттығымыздың ақ таңы нұрлы болсын!

С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана