«Қазына іздеу» квест ойыны

Оқушылар сарайындағы балалар үшін С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері «Қазына іздеуде» квест - ойынын өткізді. Балалар қарақшы Джекпен бірге қазына іздеді. Ойын барысында балалар қазынаны табу үшін әр түрлі тапсырмаларды (логикалық, іздеу) шешіп, кезең-кезеңімен жүрді. Балалар тапқырлық, байқағыштық танытты. Барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін балалар тәтті тағам түріндегі қазынаны тапты. Балаларға ойын өте ұнады! Қарақшы Джек табылған қазына үшін медальдар берді.