Қыс мезгілінде гүлдерге қолайлы жағдай жасау

20 қараша күні облыстық кітапханада «Фиалочка» әуесқой гүл өсірушілер клубының отырысы өтті. Отырыс барысында қыс мезгілінде бөлме өсімдіктері үшін қолайлы жағдай жасау және суық мезгілге дайындау тақырыптары, гүлдерді күтіп-баптау үшін қолайлы күндердің айлық күнтізбесі талқыланды.  Клуб мүшелері Е.В.Асеева мен Р.М.Попова қатысушылардың назарын күзгі-қысқы кезеңдегі оңтайлы жағдайларға аударды: бұл өсімдікті суықтан қорғау, дұрыс жарықтандыру, қалыпты суару және үстеп қоректендіру. Өсуді ыңталандырғыш және зиянкестерден қорғаудың тексерілген құралдары: «Эпин», «Ажби-101», «Фитоверм» болып табылады.