«Қыз Жібек» эпосына арналған поэтикалық кездесу

6 ақпан күні облыстық кітапханада «Қыз Жібек» лиро - эпостық жырына арналған, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі мүшелерімен поэтикалық кеш өтті. Бұл шығарма – қазақ фольклорының маржаны. «Қыз Жібек» жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, салт - санасы, елдік, ерлік істері қызғылықты әрі көркем жырланады.
Танымал жыршы Даниял Әсенов лирикалық эпостан 1700 жол оқыды.
Шараға оқырмандар, кітапхана қызметкерлері қатысты.