Қызылорда облысының мәдениет мекемелерінің өкілдері облыстық кітапханада

20 мамыр күні облыстық кітапханаға Қызылорда облысының мәдениет мекемелерінің өкілдері келді. Қонақтар кітапхана қызметімен, заманауи кітапханалардың жұмысында пайдаланылатын ақпараттық технологиялармен, оқу залдарымен, денсаулық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Жанашыр» орталығымен танысты.