«Кітап апталығы, қош келдің!» атты әдеби – музыкалық мереке

25 наурызда балалар әдебиеті бөлімінде «Кітап апталығы, қош келдің!» атты әдеби – музыкалық мерекемен дәстүрлі Балаларға арналған кітап апталығы ашылды. Іс – шараға №15, 39, 11 мектеп оқушылары қатысты.

Балалар «Кітаптың туған күні» мерекесінің пайда болу тарихы туралы ақпарат алды, әдеби туындылар бойынша саяхат жасады, ойын ойнап, викториналарға қатысты. Викторина ең шығармашыл, білімпаз, белсенді және көп кітап оқитын балаларды анықтады. Іс – шара «Бізге кітап келді қонаққа» кітап көрмесіне шолумен, «Кітап апталығына» арналған келесі іс – шараға шақырумен аяқталды.