Кітап-иллюстрациялық көрме «Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары. Павлодар Ертіс өңірі»

18 қараша күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары. Павлодар Ертіс өңірі» атты кітап-иллюстрациялық көрменің ашылу салтанаты өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы - еліміздің тарихындағы дәуірлік оқиға. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасы дамыған және демократиялық негізі бар мемлекетке айналды. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы кітап беттерінен айқын көрінеді. Кітап-тарих шежіресі. Көрмедегі Павлодар облысында тәуелсіздік жылдары жарық көрген кітаптар «Әлем таныған тұлға», «Тарих», «Экономика және саясат», «Әдебиет және өнер» бөлімдері бойынша ұсынылған.

Көрменің ашылуына «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» ҚҰ Павлодар облыстық филиалының басшысы С.О. Жүсіпова, «Баспа үйі» ЖШС Бас директоры Е. А. Писаревская қатысты.

Көрмеге келушілер арасында Павлодар жоғары басқару колледжінің, химия-механикалық колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары болды.