«Кітап тарихы музейіндегі өлкенің географиялық картасы: ақпараттық әлеует және оны жүзеге асыру» шеберлік-сыныбы

Қымбатты достар, «Кітапхана - жергілікті тарихты зерттеу орталығы» халықаралық Ресей-Қазақстан жобасы аясында 3-ші қорытынды шеберлік-сыныбы өтті. «Кітап тарихы музейіндегі өлкенің географиялық картасы: ақпараттық әлеует және оны жүзеге асыру» атты шеберлік-сыныбының тақырыбы осы аттас онлайн-семинардың практикалық жалғасы болып табылады. Шеберлік-сыныптың авторы және жүргізушісі – Новосібір мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасының қызметкері Станислав Ермоленко. Шеберлік-сыныптың қатысушыларына тақырыпты таңдау, тақырыптық-экспозициялық жоспар құру, экспозиция үшін кітаптарды іріктеу бойынша практикалық ұсыныстар берілді. 15 күн ішінде қатысушылар тапсырмаларды орындап, шеберлік-сыныптың авторына жіберуі керек.

Қосылғысы келетіндер жоба сайтындағы сілтеме бойынша тіркеле алады https://mezhdunarodnyi-rossiisko-kazakhstanskii-proekt-bib.jimdosite.com/