Кітапханаға тарту: Мира Шүйіншәлиева «Өкініш»

Республика оқырмандарына әңгіме, хикая, повесть, драматургия жанрындағы әдеби көркем кітаптарымен кеңінен танылған талантты жазушы Мира Хамзақызы Шүйіншәлиева «Өкініш» атты кітабын С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына сыйға берді.

Мира Шүйіншәлиева 1967 жылы 11 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Бөкей орда ауданы, Бисен ауылында туған. Мира Шүйіншәлиева – жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Жазушының әр жылдарда «Махаббат бағы», «Шүберек қуыршақ», «Жүректегі құпия», «Өкініш», «Ар азабы» атты әдеби – көркем кітаптары республикалық «Арыс», «Жазушы», «Үш қиян» және БҚО «Ағартушы» баспаларынан жарыққа шығып, оқырмандар ықыласына бөленген. Мира Хамзақызы Шүйіншәлиеваға С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұжымы атынан зор алғысымызды білдіреміз! Зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!