Кітапханамен танысу

20 сәуір күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өнерге, оқуға, әдебиетке деген ынтасын арттыру мақсатында музыкалық колледждің 1 курс студенттеріне экскурсия өткізілді.

Студенттер барлық бөлімдерді аралап, электронды каталогтан кітапты іздеп, RFID технологиясына негізделген бағдарлама бойынша кітапты үйге алу-тапсыру жолымен танысты. Кітапханаға жазылып, электронды оқырман билеттерін алды.

Экскурсия барысында кітапхананың барлық ережелерімен танысып, өздеріне барлық қызықты да керек мәліметтерді біле алды.