«Кітапханашы мамандығын қолданып көр» еріктілік сағаты

20 желтоқсан күні Қазақстан Республикасындағы Еріктілік жылы қарсаңында балалар әдебиеті бөлімінде «Кітапханашы мамандығын қолданып көр»  атты еріктілер сағаты өтті. Оқырмандар еріктілік туралы  оның гуманистік қоғам құрудың маңызды бөлігі екендігі жайлы, Павлодар облысындағы еріктілер ұйымдары туралы ақпаратты тыңдады.«Еріктілік - уақыт талабы» викторинасы өткізілді. Қатысушылар кітапхана жұмысының әр түрлі процестеріне - кітап қорын ретке келтіруге, кітаптарды жөндеуге және газет тігіндісін жасауға белсенді қатысты. Іс-шара соңында оқырмандарға «Іс – әрекетімен көмек бер» және «Ерікті бол» жадынамалары таратылды.