Кітапханашылардың педагогикалық семинар-тренингке қатысуы

1 қазан күні кітапхана қызметкерлері «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған, №22 ЖОББМ ұстаздарының «Оқушылар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектептен тыс мекемелердің рөлі» атты семинар-тренингіне қатысты.

Балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері бөлім жұмысының ерешеліктері көрсетілген, «Библиотечное пространство для детей: современный подход» тақырыбында презентация дайындады. Балалар шығармашылығы секторының жетекшісі Д. С. Рахимжанова кітапхана ісіндегі жаңа бағыт - коворкинг-орталығы туралы айтып, балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастырды. Бірлескен жұмыстың соңында ынтымақтастық туралы шартқа қол қою қажеттілігі туралы ұсыныс енгізілді, бұл мектеп пен кітапхананың жемісті жұмысына ықпал етуі тиіс.