«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана 14 ақпаннан 14 наурыз аралығында «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын өткізді. Кітап қорын толықтыру, кітап мәртебесін көтеру және оқырманды кітап оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акция барысында кітапханаға 200-ден аса кітап сыйға тартылды.

Акцияға қаламгерлер, оқытушылар, жастар, оқырмандар қатысты. Олардың ішінде: Сайлау Байбосын, Амантай Тойшыбайұлы, Айбек Оралхан, Юрий Поминов, Ольга Григорьева. Бірнеше кітаптардың авторы, Қызылорда облысының тұрғыны Әлібек Сабырбаев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Павлодар облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының бас маманы Әсемгүл Аульбаева және т.б. Авторлар өз кітаптарын, сонымен қатар тарих, әдебиет, өнер, мәдениет бойыншада мазмұнды басылымдарды сыйға тарту етті.

Акцияға қатысқан барша оқырманға алғыс білдіреміз.