Көркем сөздің жұлдыздары

25 қыркүйек күні «Кітап.Тұлға.Заман» жобасы аясында Аққулы ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Көркем сөздің жұлдыздары» атты белгілі ақындармен әдеби кездесу кеші өтті.
Іс - шараның мақсаты – өңірдің танымал тұлғаларының еңбектерін, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, жергілікті авторлардың еңбектеріне қызығушылықты арттыру. Кездесу кешінің қонақтары – Аққулы ауданының ақын-жазушылары: Жұмабай Амренов, Бақжамал Аккузинова, Серік Сатыбалдин, Бердімұрат Сейфолла, Тілеген Айбек тағы басқа қонақтар шақырылды. Поэзия мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу-маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние. Табиғат алақаны аялап өсірген ақындардың жүрегінде поэзия сазы ерте дүрсіл қаққаны сөзсіз. Туған жердің көркейуі мен келісті келбеті ақын ағаларымыздың көрікті жырларына арқау болды.
Қонақтар поэзия туралы өз ойларымен бөлісті, авторлық оқу және өз туындысынан үзінді оқып берді.
Іс-шараға кітап сүйер қауым, оқырмандар мен кітапхананың ескі достары қатысты.