Көрісу күні

14 наурызда С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге атап өтті. Балалар мерекенің тарихы мен бұл күннің салт-дәстүрлерімен танысты, «Шаңырақ» ойынын ойнап, бір-біріне амандық, денсаулық, бақыт тіледі. Сондай-ақ «Қара жорға» халық биін орындау және тәтті сыйлықтар мерекелік көңіл-күй сыйлады.