«Лаба» - «Ашық зертхана» халықаралық ағартушылық акциясының баспасөз хабаршысы

Құрметті достар! Павлодарда алғашқы рет! Ашық зертхана!

«Лаба» немесе «Ашық зертхана» - бұл ғылыми сауаттылықты тексеруге бағытталған халықаралық ағартушылық акция. Заманауи аппаратураның дәлдігі қандай және жүйке жасушалары қалпына келе ме? Компастың қызыл сызықшасымен жүрсеңіз, қайда барасыз? «Зертханашыларды» барлығы 25 сұрақ күтіп тұр.«Ашық зертхананың» С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өзінің алаңы болады (Ак.Сәтбаев көшесі, 104). «Ашық Зертхана» сіздің қоршаған әлем туралы біліміңіз заманауи ғылыми түсініктерге қаншалықты сай келетінін тексеруге мүмкіндік береді. Сіз өз нәтижеңізді біліп қана қоймай, сондай-ақ «зертхана жетекшілерімен» әр тапсырманы талқылап үлгересіз.
Барлық ниет білдіруші өз білімін тексере алады.
Қазақ тілінде «Зертхана жетекшісі»: Тайболатов Қуандық, Педагогика ғылымдарының магистрі және С.Торайғыров атындағы ПМУ, "Психология және педагогика" кафедрасының оқытушысы.
Орыс тілінде: Анастасия Горбунова, жаратылыстану ғылымының бакалавры және Informburo.kz сайтындағы ғылыми-көпшілік материалдардың авторы
Кіру тегін, бірақ алдын ала тіркелу қажет, себебі орындар шектеулі.
Тіркелу openlaba.com акция сайтында немесе https://openlab.timepad.ru/event/889927/ сілтемесі бойынша қолжетімді.
«Лаба» әлемнің 30 елінде өтеді: сіздерді қызықты сұрақтар, ұйымдастырушылардан сыйлықтар күтуде, ал қосымша бағдарлама ретінде — «Физика дома» ғылыми-көпшілік фильмі көрсетіледі.