«Истоки поэзии Низами» атты дәріс

14 сәуірде Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің әзірбайжан бөлімінің педагогтары мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жеті жұрттың тілін біл» циклі аясында «Истоки поэзии Низами» атты дәріс өтті.

Мектеп педагогы Ибрагимова Сакина Сади-гызы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушыларын әзірбайжан тілінің тарихы мен дамуымен, халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрімен, Кавказдың ұлы ақындарының: Ширвани, Джавида, Низами лирикасымен таныстырды.

«Ара» ансамбліне қатысушылардың орындауында әндер шырқалып, әзірбайжанның «Иннаби», «Гытгылыда» дәстүрлі ұлттық билері орындады. Көрермендер сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесін және әзірбайжан тіліндегі әдебиеттерді үлкен қызығушылықпен қарады.