«Тұлға және дәуір» атты дәріс

12 сәуір күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада көрнекті ғалым, Қазақстан Ғылымдар Академиясының тұңғыш президенті  Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың  туған күніне орай «Тұлға және дәуір» тақырыбында дәріс өткізілді.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар педагогикалық институты жанындағы гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің деканы Кәрімова Анар Еркінқызы студенттерге Каныш Сәтпаевтың шығармашылық және қоғамдық ұйымдастырушылық қызметі туралы айтып берді.