Дәріс: «Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар»

19 сәуірде облыстық кітапханада «Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар» атты дәріс өтті. Қазтұтынуодағы Жоғары экономикалық колледжінің студенттеріне Торайғыров Университетінің Computer Science КеАҚ информатика факультетінің доценті Потапенко Александра Олеговна дәріс оқыды.

Студенттерге заманауи ақпараттық технологиялардың негізгі ұғымдары, сонымен қатар графикалық ақпаратты өңдеу бағдарламаларын (CorelDraw) кәсіби қызметте практикалық қолдану мүмкіндігі, сканерлеу бағдарламалары және ақпаратты тану (FineReader), автоматты мәтіндерді аудару (Promt, Lingvo), «1С: Кәсіпорын» бағдарламасының мысалында бухгалтерлік ақпараттық жүйелер, «Consultant Plus» мысалында компьютерлік анықтамалық-құқықтық жүйелер, интернет бағдарламалары жайлы айтты. Кездесу ашық диалог форматында өтті.