«Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми және адамгершілік-философиялық мұрасы» атты дәріс

12 сәуір күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада көрнекті ғалым, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күніне орай «Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми және адамгершілік-философиялық мұрасы» тақырыбында дәріс өткізілді. Ашық дәрісті тарих ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров Университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры Әзірбаев Аслан Дыбысбекұлы жүргізді. Лектор студенттерге ғалымның өмір жолынан қызықты деректер келтіре отырып, жан-жақты дамыған тұлға екенін айтты. Шараға Павлодар жоғары экономикалық колледжінің оқушылары шақырылды.