«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның қызметі туралы» атты дәріс

2022 жылдың 12 сәуірінен бастап С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ППУ-нің Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің оқытушыларының ашық дәрістері өтуде.

16 сәуірде Павлодар педагогикалық университетінің доценті Аманова Әсел Серікқызының №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің оқушылары үшін «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның қызметі туралы» тақырыбында дәрісі өтті. Лектор облыстық жұмыс комиссиясының атқарған істері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың қайғылы тағдырын зерделеу туралы айтты.