«Біздің өлкеміздің құстары» тақырыбындағы дәріс

25 сәуірде облыстық кітапханада «Біздің өлкеміздің құстары» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығының педагогы С.М.Дюцэт өткізді. Аталған іс – шараға қаламыздағы №11 ЖОМ оқушылары қатысып, «Ертіс өнірінің құстары» атты викторина сұрақтарына аса қызығушылықпен жауап берді және құстар жайындағы слайд көрсетілімін тамашалады.