«Айтолқын» лекторийі: «Қорқудың қажеті жоқ, білу керек»

28 қараша күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Айтолкын» клубының Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Қорқудың қажеті жоқ, білу керек» тақырыбында Б. Ахметов атындағы колледж студенттеріне кезекті сабағы өтті.
Іс-шара ЖИТС-ң алдын алу Орталығының дәрігері Жүсіпова Гүлнәр Әлиасқарқызымен бірлесіп жүргізілді. Студенттерге бейне-презентацияны қолдану арқылы АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС ауруының көрінісі айқын бейнеленді. Сабақ уәждемелік әңгіме түрінде өткізілді, онда өз денсаулығына жеке жауапкершілікпен қарау және қарапайым жеке жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы түсінік қалыптасты. Ойын элементтері мен практикалық тапсырмаларды студенттер зор ықыласпен және қызығушылықпен орындады.
Соңында «Білім –ЖИТС-тің алдын алу негізі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.