«Ерекше талант» атты әдеби-сазды кеш

4 мамыр күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың өнер залында қазақтың көрнекті опера әншісі және драмалық актрисасы, КСРО халық әртісі Күләш Байсейітованың туғанына 120 жыл толуына орай «Ерекше талант» атты әдеби-сазды кеш өтті. 

Павлодар қаласындағы №5 мектеп оқушылары тамаша әнші және актрисаның өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды, оның «Қыз Жібек» ариясының жазбаларын және «Бұлбұл», «Қазақ вальсі» әндерін тыңдады. Шара аясында «Қазақтың бұлбұлы, өнердің дүлдүлі» атты кітап-иллюстрациялық көрме және әдебиеттерге шолу ұйымдастырылды.