«Халық жазушысы» атты әдеби-музыкалық кеш

8 желтоқсанда кітапханада Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған «Халық жазушысы» атты әдеби-музыкалық кеш болып өтті.

Іс – шарада жазушының өмірбаяны мен шығармашылығына тереңінен тоқталды. Соның ішінде «Махаббат қызық мол жылдар» романын кеңінен ашып берді. Оқырмандарға романның қалай пайда болғандығы, сүйікті жары Халимаға арналғандығы және романдағы кейіпкерлер бейнесін жеке-жеке ашып, қысқаша әңгімелеп берді.

Кешімізде оқырмандар назарына «Әзілхан Нұршайықовтың қысқаша өмірбаяны мен шығармашылы» арналған бейнежазбалар қойылды. Құрманғазы атындағы балалар мектебінің оқушылары, оқытушысы Пилигримов Олег Денисовичтің басшылығында флейта аспабымен өнер көрсетті.

Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлы қаламгер - кемеңгер тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.