«Қызықты кітаптар керуені» атты әдеби-танымдық сағат

25 сәуір күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері «№1 балабақша - мектеп-интернатының арнайы кешенінде» іс-шара өткізді. «Қызықты кітаптар керуені» атты әдеби-танымдық сағат балалар жазушыларының шығармашылығына арналды.

Е.Елубаевтың кітаптары бойынша «Сен білесің бе?», «Угадай-ка» ойындары ойнатылды. О.Григорьеваның өлеңіне «Кораблик» атты ән шырқалды. Танымдық сағат Е.Елубаевтың «Почему?», Ольга Григорьеваның «Солнечный мячик» және «Вежливый ребенок» өлең оқу марафонымен аяқталды.