Әдеби өлкетану

«Әдеби өлкетану» бағдарламасы аясында С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Жақсы адаммен жүздесу» атты Бевз Людмила кездесу өтті. Людмила Бевз- ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Серебрянные струны» авторлық ән клубының үйлестірушісі.

Іс-шараға № 4 арнайы мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары қатысты. Людмила Николаевна балаларға өзінің шығармашылығы және «Бабушка из другой молекулы», «О детях и детям», «Қазақ тілі үйренемін», «Досиктің дәуірлерге саяхаты: ежелгі Павлодар туралы ертегі» кітаптары туралы айтып берді. Балалардың сұрақтарына жауап беріп, шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Кездесу барысында тек өлеңдер ғана емес, «Костюм», «Париж» туралы әндері де айтылды. Кездесу Людмила Николаевнаның қолтаңба сесссиясымен аяқталды. Ең қызықты сұрақ қойған Артур Непп автордан сыйлыққа кітапты алды.