«Балалар әдебиетінің шын шебері» әдеби сағаты

13 наурыз күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері «№1 арнайы Кешен балабақша мектеп-интернатында» «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің шын шебері» атты әдеби сағатын өткізді. Балалар жазушының өмірі, оның танымал болған шығармалары туралы әңгімеден басталды.

Шара барысында Б.Соқпақбаевтың «Мысық» өлеңін оқылды, викториналық ойындары ұйымдастырылды. Балалар әдеби тест сұрақтарына жауап беріп, Б.Соқпақбаев шығармашылығы туралы сызбалар – жұмбақтарды жинады. Кітап көрмесінде «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Чемпион», «Еще вернусь», «Әжесінің баласы», «Ергежейлі еліне Саяхат» және т.б әдебиеттер ұсынылды. Оқушылар «Бір ел – бір кітап» акциясы жайында мол мәлімет алды.