«Пушкин күні» әдеби сағаты

Бүгін 6 маусым күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында орыс поэзиясының белгілі кемеңгері, ақиық ақыны А.С.Пушкиннің туғанына 223 жыл толуына орай «Пушкин күні» атты әдеби сағат өткізілді. Осы күні, 6 маусымда Александр Сергеевич Пушкин дүниеге келді.

Оның өлеңдері мен прозалары әрдайым өздерінің жаңалығын,  өзектілігін және өміршеңдігін сақтап қала бермек, сондай-ақ оқырмандар үшін әрқашан қымбат және қызықты, себебі адамдар арасындағы достық және романтикалық қарым-қатынас тақырыбы әрқашан болады. Ақынмен таныстығымыз өміріміздің сонау балалық шағынан басталып соңына дейін қалады. Әр жастың өз Пушкині бар. Жастайымыздан ертегі оқимыз, жақсы мен жаманды айыруға үйренеміз, оның тамаша шығармаларымен танысамыз.

Осындай айтулы күнге орай оқырмандарымыз бен №9 мектептің 5 сынып оқушылары арасында «Бұл қандай шығармаға арналған иллюстрациялар?» атты сайыс өткізілді. Қатысушылар «А.С.Пушкин» көрмесімен танысып, ребус және сөзжұмбақтар шешті, оқу марафонына қатысты, ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды. Әдеби сағат соңында Абудухелили Абудукерим өзі шығарған өлеңдерін оқып берді.