«Поэтами воспетый отчий край» әдеби сағат

20 сәуірде С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне және Павлодар облысының 85 жылдығына арналған «Поэтами воспетый отчий край» атты әдеби сағат өтті.

Павлодар - Ертіс өңірі – белгілі ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері шыққан өлке. Мұнда Сұлтанмахмұт Торайғыров, Дихан Әбілев, Сәбит Дөнентаев, П. Васильев және т. б. дүниеге келді, олар біздің облысты ғана емес, республиканы да дәріптеді.

Әр ақын – тұтас бір дәуір, бір әлем. Көптеген ақындар өлеңдерін Отанына, туған жеріне арнайды. Бүгінгі әдеби сағатта Павлодарлық ақындар – П. Васильев, Д. Әбілев, В. Семерьянов, А. Қани, О. Григорьеваның және т. б. ақындардың өлеңдері оқылды.

Іс-шараға Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттеріқатысты. «Поэтами воспетый отчий край» атты кітап көрмесі дайындалды.