«Бабамыздың үнісің сен, домбыра» атты әдеби-музыкалық кеш

3 шілде күні облыстық кітапхананың Zoom платформасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу қарсаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Бабамыздың үнісің сен, домбыра» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараға музыкалық колледждің оқушылары Мейірхан Ғабиден, Нуркаев Әділжан қатысып, домбырада «Адай», «Жастық шақ», Әбдінің «Қосбасары» күйлерін нақышына келтіріп орындады.

Қатысушыларға домбыраның тарихын, жасалу жолдарын баяндайтын бейнежазба ұсынылды.
Іс-шараға оқытушылар, студенттер, кітапханашылар және оқырмандар қатысты. «Домбыра күмбірлесе қоңыр сазбен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.