«Көркем сөздің шебері» атты әдеби кеш

2022 жылғы 14 сәуір күні қаламыздағы №2 жалпы білім беру мектебінде 7 Б сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың халық жазушысы, қазақ көркем сөзінің жұлдызы, драматург Сафуан Шаймерденовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Көркем сөздің шебері» атты әдеби кеш өткізілді.

Мектеп кітапханашысы Сәуле Макажанова жазушы жайында ой қозғады.Торайғыров университетінің Филология кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қаппасова Бақытгүл Қасымбайқызы өз кезегінде оқушыларға Сафуан Шаймерденовтың өмірінен қызықты, танымды мәліметтер жеткізе отырып, оларға қаламгердің төл туындысы «Болашаққа жол» романы және 1988 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығын алған «Ағалардың алақаны», «Әдеби толқындар» кітаптары, басқа да жарық көрген повестері, әңгімелері жайлы терең мағлұмат берді. Балаларға арнап жазған эссе тектес әңгімелерге толы «Мезгіл» повестін, басқа да туындыларын ден қойып оқуға шақырды.

Іс-шараға С. Баязитов атындағы оқу орталығының кітапханашысы Камшат Мусаева жазушы шығармаларынан көрме ұйымдастырып, бейнероликтермен таныстырды.

Сынып оқушылары Сабыр Айша, Оспанова Әлия, Мәметова Мадина, Акишпаева Аделя, Дюсембаева Томирис ерекше белсенділік танытып сертификаттарға ие болды.