«Тағылымы зор тұлға» атты әдеби кеш

5 қазан күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тағылымы зор тұлға» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: қоғам қайраткері, жазушы, педагог, публицист, аудармашы Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 1 курс оқушылары, екі мәдени дәстүрді - Шығыс және еуропалық дәстүрді өз шығармашылығында алғашқылардың бірі болып біріктірген қазақ әдебиеті классигінің өмірбаянымен танысты. Кітапхана қызметкерлері М.Жұмабаевтың «Жан сөзі», «Пайғамбар», «Сен сұлу - Свет красив», «Бастауыш мектептегі Ана тілі», «Педагогика» оқу құралдары туралы кітап көрмесіне шолу жасады. «Қорқыт», «Жүсіп Хан», «Қобыз Қойлыбай», «Батыр Баян» поэмалары туралы айтылды. Студенттер «Менің халқым», «Мен жастарға сенемін», «Свет красив», «Гүлсім ханум», «Қарағым» өлеңдерін оқыды.