Қасым Аманжоловтың 110- жылдығына арналған «Өмірін өрген өлеңмен» атты әдеби кеш

22 қыркүйек күні талантты ақын, аудармашы, драматург, композитор Қасым Аманжоловтың 110-жылдық мерейтойына арналған «Өмірін өрген өлеңмен» атты поэзия кеші өтті. Іс шараға «Қаламгер» баспасөз-орталығының тілшілері, олардың жетекшісі Әсем Аипова және Баянауыл, Аққулы аудаңдарының, Павлодар қаласының №2,22,25,37 мектептерінің, Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназиясының оқушылары ZOOM платформасы арқылы қатысты. Поэзия кешінің құрметті қонағы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Найзатас» журналының жауапты хатшысы, павлодарлық жас ақын Айбек Оралхан танымдық әңгімесінен оқушылар Қасым Аманжолов жайлы қызықты деректерге қанық болды. Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығының кітапханашысы Әсем Аскарова Қасым Аманжоловқа арналған кітап көрмесіне тоқталып, оқушыларды кітапханаға шақырды. Мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа айтты.