«Тәуелсіз Қазақстан» әдеби-тарихи сағаты

14 желтоқсан күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында № 29  мектептің  5 сынып оқушыларына «Тәуелсіз Қазақстан» әдеби-тарихи сағаты өткізілді. Кітапхана қызметкерлері 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы және тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының құрылуы туралы ақпарат берді. Мектеп оқушылары «Тарихым - бүгінім, ертеңім», «Менің Отаным -Тәуелсіз Қазақстан», «Тарихи тұлғалар» атты кітаптармен танысты. Шара соңында оқушылар ойын-викторинасына белсене қатысып, Отан туралы өлеңдер оқыды.