Үздік жас кітапханашы

Кітапхана қызметінде кәсіби жетістіктері бар жас мамандар арасында «Үздік жас кітапханашы» республикалық байқауы Қазақстанның кітапхана өміріндегі маңызды оқиға болып табылады.

7 қыркүйекте облыстық іріктеу турында өңірдің кітапханашылары өз жобалары мен шығармашылық ойларын, креативті және инновациялық идеяларын ұсынды. Бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі көшбасшылық қасиеттердің көрінісі және кітапхана саласының дамуына елеулі үлес қосу мүмкіндігі болды. Қатысушылар іс-шараларды ұйымдастыруда, инновациялық жобаларды әзірлеуде, ақпаратқа қолжетімділікті жақсарту үшін заманауи технологияларды пайдалануда өз тәжірибелерін көрсетті.

Облыстық байқау қорытындысы бойынша Екібастұз қаласы ОКЖ Орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Қасенова Еркеназ жеңімпаз атанды. Оның кітапханалық қызмет көрсету саласындағы авторлық жобалары мен бастамалары өзіндік ерекшелігімен, кәсіби дағдыларын игеруімен, балалар оқырмандарына қызмет көрсетудегі ерекше тәсілімен ерекшеленді.

«Үздік жас кітапханашы» байқауы жас мамандардың жетістіктерін мойындап қана қоймай, басқа кітапханашыларды өздерінің кәсіби қасиеттерін дамытуға шабыттандырады. Жеңімпазды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз. Оларға кітапхана саласында одан әрі табыс тілейміз.