Қымбатты достар!

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана сіздерді жаңа жобаға қатысуға шақырады!

Кітапхана қызметкерлерінің күшімен Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ерлікке тазым» атты виртуалды мұражайы құрастырылды.

Онда майданнан келген хаттар, марапат құжаттары, фотосуреттер, кітаптар, соғыс жылдарындағы газеттер бар.

Жобаның идеясы - хаттарды жандандыру: театр актерлерін, жазушыларды, ақындарды, танымал адамдарды хаттарды оқып, бейнетаспаға түсіруге шақыру.

Хатты http://erlik.pavlodarlibrary.kz/mails.php сілтемесі бойынша таңдауға болады.

Бейнелеріңізді maraltaj74@mail.ru немесе Whatsapp 87059870189 «Майданнан келген хат» деп жолдаңыз.

Тарихты бірге жандандырайық!