«Ғарышқа саяхат» шеберлік сабағы

9 ақпанда облыстық кітапханада әуесқой астроном Андрей Калининмен кездесу өтті.
Андрей Владимирович өзінің ғарыш әлемі жайында өз ойымен, байқауларымен, жұлдыздар, планеталар, астрономияның қалай пайда болғаны және бүгінде қалай дамып келе жатқаны туралы мағыналы мағлұматтармен бөлісті.
Іс-шараға №11 мектептің 8 сыныптың оқушылары қатысты. Кездесу шеңберінде қатысушыларға «Гипс құю технологиясы» бойынша шеберлік сабағы ұсынылды.